Arrow
Arrow
Slider

2021 жылғы 15 қаңтар күні жетінші шақырылған Жетісай аудандық мәслихатының бірінші сессиясы болып өтті. Сессияны аудандық сайлау комиссиясының төрағасы К.Темирбеков ашып, аудандық мәслихаттың жаңадан сайланған депутаттарын тіркеу туралы аудандық сайлау комиссиясының шешімін жария етті.

Аудандық мәслихат бірінші сессиясының төрағалығына «Nur Otan» партиясынан сайланған депутат Кожбанова Хадиша Нартаевна сайланып, сессия жұмысын одан әрі жүргізіп отырды.

 

Жетінші шақырылған Жетісай аудандық мәслихатының бірінші сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

Жетісай аудандық мәслихатында «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясын тіркеу туралы;

Жетісай аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;

Жетінші шақырылған Жетісай аудандық мәслихаты екінші сессиясының төрағасы туралы.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша депутаттар талқысынан кейін Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы болып депутат Утанов Әлихан Айдарханұлы сайланды.

Сессияда аудандық мәслихаттың 18 депутатын біріктіретін «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы тіркеліп, жетекшісі болып депутат Асауов Әділхан Жолдасұлы сайланды.

Жетінші шақырылған Жетісай аудандық мәслихаты кезекті сессиясының төрағасы болып депутат Кожбанова Хадиша Нартаевна сайланды.

 

  • f1
  • f2
  • f3
  • b-egov
  • uko adilet
  • f9
  • f10
  • f11
  • f12
  • f13